• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

    Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да, оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.

    Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

    Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді. Есеп — 6:2, 6:2.

    Осылайша, есеп 2:0 болып, Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионнан айласын асырып, алғаш рет жартылай финалға шықты.

    Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов теннисшілерді United Cup  турнирінің жартылай финалына шығуымен және Испания, Грекия, Германия құрамаларын жеңуімен құттықтады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *