• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахмат

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан пара спортшылары тоғыз медаль алды

    Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының пара спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Бұл әлемдік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Ол шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен болды. Чемпионатта классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдені иеленсе, блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік ...

    Read More »

    Меруерт Камалиденова биылғы әлем додадағы үздік шахматшыны жеңді

    Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр. Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын. Әлем кубогының жүлде қоры шамамен — 700 000 АҚШ доллары. ...

    Read More »

    Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады

    Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада. Бұл турнир 2021 жылдан ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Sharjah Masters 2025 супер турнирінде жеңіске жетті

    Бүгін БАӘ-де шахматтан өткен Sharjah Masters 2025 супер турнирінде Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстер нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтинг межесінен асты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бибісара Асаубаева 64 гроссмейстер қатысқан турнирде әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті (28-орын). Ол әйелдер арасында 2024-25 жылғы маусымдағы Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньир (2541) мен Олимпиада ...

    Read More »

    Шахматшы Ксения Балабаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Шахматшы Ксения Балабаева Испанияның Севилья қаласында өткен дәстүрлі Ciudad de Sevilla халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құраманың шахматшысы рапидтен 9 партияның жетеуінде тамаша өнер көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 19 қаңтарда бір отандасымыз Арыстанбек Уразаев қола жүлдеге ие болды. Ол 9 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинады. Биыл бұл жарыс ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

    Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында шахматтың рапид түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Бибісара Асаубаева сегізінші орын алды, деп хабарлады Zakon.kz. Ол бірде-бір партияда  жеңілмей, қорытынды есепте 7,5 ұпай жинады. Асаубаева жарыстың соңғы күнінде армениялық Анна Саркисянды жеңіп, Цзюй Вэньцзюньмен (Қытай) және Турмунхийн Мунхзулмен (Моңғолия) тең түсті. Осылайша, Бибісара Асаубаева америкалық рапид турнирін сегізінші орында ...

    Read More »

    Шахматшылар Словениядан 10 жүлдемен келе жатыр

    Словенияның Терме Чатеж қаласында өткен U14–U18 жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жарыстың соңғы күні Қазақстанның жас шахматшылары 10 медаль жеңіп алды. Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов алтын медальге ие болды. Осы жыл шахмат сүйер қауымды жағымды жаңалықтарымен қуантып келе жатыр. Бізде рекордтық медаль саны бар. Оның көпшілігін балалар жеңіп алды. Жастар ...

    Read More »

    Шахматшы Аланна Берікқызы мен Марк Смирнов әлем чемпионы атанды

    Бүгін Италияның Монтесильвано қаласында шахматтан кадеттер арасында (U8-U12) әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы бәсекеде де қазақ шахматшылары айрықша жеңісімен көзге түсті. Атап айтар болсақ, 10 жасқа дейінгі жас санатында Аланна Берікқызы әлем чемпионы атанды. Ол 11 турдан кейін 9,5 балл жинады. Барлығы бұл санатта әлемнің үздік 100 шахматшысы бақ ...

    Read More »

    Каратэші Елнұр Дауылбай әлем чемпионатын жеңіп алды

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өткен киокушинкай каратэден әлем чемпионатында отандасымыз Ернұр Дауылбай алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол 17 жасында осындай маңызды жетістікке жетіп, тынымсыз еңбектің арқасында кезекті рет құрмет тұғырына көтерілді. Елнұр Дауылбай 2007 жылы 10 қарашада Астана қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Астана қаласындағы №66 мектепке барған. ...

    Read More »

    FIDE GRAND PRIX SERIES: Бибісара Асаубаева төртінші орында тұр

    Шымкент қаласында шахматтан әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-Придің 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Алтыншы турда Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева Екатерина Лагномен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді. Кездесуден кейінгі сұхбатында Бибісара Екатеринаның мүлде басқаша ойнағанын, жоспары басқаша болғанын айтты. Демалысқа дейін екінші орында келе жатқан отандасымыз осы жеңілістен кейін жалпы есепте ...

    Read More »