• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахмат

    Бибісара Асаубаева гран-при турнирінде 6-орынға көтерілді

    Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің Uран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Шахматшы Гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германияның астанасы — Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ. Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады. Бұл турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде күміс жүлде алды

    Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы — Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің үшінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлады Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз шешуші 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады. Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай алды. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш ...

    Read More »

    Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева бірге әлем чемпионатына қатысады

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында астанада 2023 жылғы шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Жарыста Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылар ел намысын қорғайды. Ал әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий мен Дин Лижен таласады. Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынаған еді. Ол Жансая ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-приде бірінші орында келеді

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-придің сегізінші турынан кейін 1-орнын сақтап қалды. Жарыстың келесі күні Бибісара Асаубаева турнирдің басты фавориттерінің бірі – қытайлық Чжу Цзиньэрмен тең ойнады.   Осы тең ойын Асаубаеваға Гран-придің үшінші кезеңінен кейін бірінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазір шахматшыда 5 ұпай бар: Ол 4 рет жеңіп, екі рет тең ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева Гран-при турнирін жеңіспен бастады

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. Ол бірінші турда алаң иесі Рамешбабу Вайшалиді ұтып, қалтасына бір ұпай салды. Бұл турнир лайықты деңгейде ұйымдастырылмағандықтан бір күнге кешігіп басталған болатын. Соның кесірінен Жансая Әбдімәлік пен Германияның өкілі Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты. Қазір турнирге қатысатын 12 шахматшының орнына ...

    Read More »

    Дәрмен Сәдуақасов Азия шахмат федерациясының вице-президенті болды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан Азия шахмат федерациясының (ACF) саммитінде белгілі гроссмейстер, Қазақстан шахмат ұйымы президентінің бірінші орынбасары Дәрмен Сәдуақасов  Азия шахмат федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бүгінгі таңда ACF құрамына 54 елдің шахмат федерациясы кіреді. Оның ішінде Қазақстан шахмат федерациясы да бар. Сайлауда Азия шахмат федерациясының мүшелері кеңесе отырып, бірауыздан Дәрмен Сәдуақасов ACF вице-президенті етіп сайлады. ...

    Read More »

    Ресей шахматшылары Азия федерациясының құрамына кірді

    Ресей шахмат федерациясы Еуропадан шығып, Азия федерациясы құрамына қабылданды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында өткен Азия шахмат федерациясы (ACF) бас ассамблеясының делегаттары Ресей шахмат федерациясын ұйым құрамына қабылдау үшін дауыс берді. Қорытындыда Ресей шахмат ұйымын қабылдауды 29 делегат қолдады. 1 адам қарсы шығып, 6 қатысушы қалыс қалды. Ресей шахмат федерациясының бақылау комитеті ұйымның ACF-ке өтуі жөніндегі шешімін 2022 ...

    Read More »

    Ресей шахмат федерациясы Азияның құрамына кіреді

    Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесі Ресей шахмат федерациясына (РШФ) Азияға көшуге рұқсат берді. РШФ сайтында жарияланған ақпаратта мұндай шешім 28 ақпанда өтетін Азия шахмат федерациясының (ACF) құрлықтық ассамблеясында қабылданады. ACF ассамблеясындағы Ресей шахмат федерациясының делегациясын ұйымның президенті Андрей Филатов басқарады. Ассамблея Әбу-Дабиде 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді. Былтыр наурыз айында FIDE Ресей мен Беларусь спортшыларына жеке турнирлерде тек ...

    Read More »

    «50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты

    18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты. Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева гроссмейстер Сергей Карякинді қалай жеңгенін айтты

    Шахматшы, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинмен ойыны туралы айтып берді. «Бұл өзі мықты турнир болды. Мені ойынға соңғы сәтте шақырды. Өкінішке қарай, дайындыққа уақыт аз болды. Турнирде әйелдер арасындағы үздік шахматшылар ғана емес, Сергей Карякин, Теймур Раджабов, Александр Грищук секілді әлемнің ең мықты шахматшылары да ойнады. Осы турнирде мен рапидте 4 ұпаймен Сергей Карякинді, ...

    Read More »