• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахмат

    Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды

    Қазақстанның үздік шахматшысы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Instagram-да жарияланған фотосуретте шахматшы гүл шоғын ұстап, ақ көйлек киіп, жұбайымен құшақтасып тұр. Мәңгілікке сендікпін, сен мендіксің, — деп жазды шахматшы. Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және ірі халықаралық жарыстардың жүлделері бар. 2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең ...

    Read More »

    Аланна Берікқызы мен Әмина Қайырбекова шахматтан әлем чемпионы атанды

    Грекияның Родос қаласында мектеп оқушылары арасында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, 14-22 сәуір аралығында өткен шахмат додасына 7-17 жас аралығындағы 500-ден аса оқушы қатысты. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жүлде саны жағынан бірінші орын (2 алтын, 2 күміс, 5 қола) алды. G09, яғни 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында классикалық шахматтан Аланна Берікқызы мен Әмина ...

    Read More »

    Астанада тағы бір жүлде қоры көп жарыс өтеді

    23-30 сәуір аралығы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында («Beeline Arena») шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Kazakhstan Chess Cup ашық турнирі өтеді. Оған Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) пен басқа да шахматшылар қатысады. Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды. Жарысқа жарнасын төлеген адамдар мен екі санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Турнирге жарнасыз ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаев жаңа атақ алды

    Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева  «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Бибісара — әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған шахматшы. Ол 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2021 және 2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағын да алған.  Сонымен бірге ол 2021 жылы шахматтың ...

    Read More »

    Шахматтан әлем құрамасы Қазақстанды ұтты

    Астанада шахматтан алғаш рет өткен Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матч аяқталды. Бұл кездесуде әлем құрамасы командалық есеп бойынша жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы рапидте жақсы ойнаса да қарсыластарынан бес ұпайға жеңіліп қалды. Есеп — 29.5-34.5. Сол сияқты блицте де 13 ұпай айырмашылығымен 25.5:38.5 есебімен ұтылды. Қорытынды есеп  55:73 болып әлем құрамасының пайдасына шешілді. Қазақстан командасына әлемнің төрт дүркін ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

    Қазақстанның жекелеген сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Ол турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді. Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді. Елена Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан теннисшісі 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын ұтты

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан мен әлем құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды ұтты. Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол былтыр блиц бойынша  екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал биыл  ол Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турниріне қатысты. Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге ...

    Read More »

    Шахматтан әлем құрамасы әзірше алда келеді

    Астанада әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер командасы әлем құрамасына қарсы ойынды бастады Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген болатын. Биылғы әйелдер матчында Қазақстан мен әлем құрамалары ойындарға екі командадан қатыстырып жатыр. «А» командаларының құрамында төрт ересек спортшы бар. Ал «В» командалары – 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар. Матчтың жеребе тарту ...

    Read More »

    Қазақстан шахматшылары мен әлем құрамасы арасындағы матч басталды

    Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем құрамасының арасындағы матч басталды. Бұл туралы Qazsport хабарлады. Бұл матч 19 сәуірге дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығында рапид және блиц түрлері бойынша өтеді. Ұлттық команданы гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, әлем құрамасын гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола бастап отыр. Әр команданың құрамында 8 адамнан бар. Шахмат тақтасында Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, ...

    Read More »

    Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Онда әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал шахматшылар, халықаралық шахмат федерациясының өкілдері келді. Ян Непомнящий (2793) мен Дин Лижень (2788) ФИДЕ әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарда тұр. ...

    Read More »