• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    gov.kz/Астана қаласының әкімдігі

    Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

    Классикалық шахматтан Перудің астанасы – Лима қаласында өткен әлем чемпионатында Астана қаласының тұрғыны Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды.

    Қала әкімдігінің хабаралуынша, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару Алтынбек қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады, — делінген Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасаған әкімдіктің хабарламасында.

    Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылы әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында бозбалалар (Open) жене қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілді.

    Чемпионаттың ашылу рәсімі 1 мамырда Regional Sports Village of Callao ғимаратында болып, оған Перу спорт институтының (IPD) директоры Гидо Флорес жане Перу Білім министрі Морган Керо қатысты.

    Чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия мен Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1174 жас шахматшы қатысып, бақ сынады.

    Айару Алтынбек 6-сыныптың үздік оқушысы.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *