• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен әлем чемпионатында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.

    Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, әлем чемпионы атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.

    Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады.

    Қазір Қазыбек Нөгербектің FIDE-дегі рейтингі – 2501.

    Нөгербек инновациялық білім беру бағдарламасында шахматтан педагог-жаттықтырушы мамандығы бойынша оқиды. Бұл жеңіс шахматшыға алтын медаль ғана емес, Әлем кубогына жолдама да алып берді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *