«Барыс» хоккей клубы ресми түрде АҚШ азаматы Иэн Маккошенмен келісімшарт жасасқанын хабарлады. Бұл құжат бойынша америкалық хоккейші 200 миллион теңгеден аса табыс табады, деп хабарлады Metaratings.kz.
Келісімшарт спортшымен бір маусымға есептелген. Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Куньлунь Ред Стар» құрамында 61 рет айдынға шықса, ҰХЛ-да «Флорида Пантерз» құрамында да біраз уақыт ойнаған, — делінген хабарладама.
«Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің айтуынша, Иэн Маккошеннің жалақысы 30 миллион рубль. Бұл шамамен 204 миллион теңге.