Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медальді жеңіп алды.
Оның екеуі де қола жүлде. Үшінші орынға Анастасия Ананьева мен Александр Куликов көтерілді. Олар каное жалғыз дисциплинасында жүлдегер атанды.
Қазір Қазақстан құрамасында үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА