• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ

    Астанада спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумы басталды

    16-17 тамыз күндері Астанада Спорт күні қарсаңында Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан спорт ардагерлері одағының құрылуына орай спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумы болады.

    Қазақстан спорт ардагерлері одағы биыл ақпан айында құрылған. Оның мақсаты – еліміздің жер жерінде қоғамдық бірлестіктің филиалдарын құрып, жергілікті жерде есімдері еленбей, ескерілмей, ұмытылып бара жатқан спорт ардагерлерін әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қолдап, тиісті көңіл бөлу.

    Қазір арамызда кезінде халықаралық аренада еліміздің намысын қорғаған спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар көп. Олар екі ғасырдың аңыз адамдары. Біз спорт ардагерлерінің еңбегін бағалап, ешқашан ұмытпауымыз керек. Одақты осы мақсатты құрып отырмыз. Бұл қоғамдық ұйымның құрылуына жеті адам ұйытқы болды. Алдағы уақытта қаржы көздерін іздестіріп, қоғамдық бірлестіктің жұмысын жандандыруды қолға аламыз, — деді Қазақстан спорт ардагерлері одағының төрағасы Елсияр Қанағатов.

    Оның айтуынша, қоғамдық ұйымның алғашқы жұмысы спорт ардагерлерінің бірінші республикалық форумын ұйымдастырудан басталып отыр. Бұл жиын екі күн болып, оның аясында ардагерлері арасында асық ату, үстел теннисі, бильярд және шахматтан жарыстар өтеді.

    Биыл ақпан айында бір топ спорт ардагері болып, осы игі бастаманы Туризм және спорт министрлігіне жеткіздік. Қуаныштысы сол, министр бастамамызды толығымен қолдады. Содан кейін  қоғамдық бірлестігіміз ресми тіркеуден өтті. Енді міне, министрліктің жанындағы қордан қаржы бөлініп, алғашқы форумды ұйымдастырып жатырмыз, — деді Спорт ардагерлері одағының төрағасы.

    Қазақстан спорт ардагерлері одағы төрағасының айтуынша, қоғамдық бірлестіктің құрылуына жеті адамнан тұратын Ақсақалдар кеңесі ұйытқы болған. Оның құрамына белгілі қоғам және спорт қайраткерлері Елсияр Қанағатов, Диханбай Биткөзов, Марат Жақыт, Виктор Абоимов, Жомарт Сабыржанов, Мәдіғали Қарсыбеков, Несіп Жүнісбайұлы кіріп отыр. Осы Ақсақалдар кеңесі ұйымның қызметі мен жұмысын реттеп, жетілдіріп отыратын болады.

    Ол сонымен бірге қоғамдық бірлестіктің тырнақалды жұмысын форумды лайықты өткізуден басталып отырғанын, оған еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық спорт ардагері мен жаттықтырушылар қатысатынын айтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *