• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматының ардагер шахматшылары жеңімпаз атанды

    Жақында Қызылорда қаласында тұңғыш рет ардагер шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының командалық біріншілігі аяқталды. Әр команда намысын құрамында үш ер және бір әйел шахматшы қорғады.

    Сайысқа еліміздің 9 облысынан он команда қатысқан еді.  Жарысты өткізген Қызылордадан ғана екі команда қосылды. Жарыс швейцар жүйесімен жүргізіліп, жеті командалық кездесу өткізілді. Біріншілік нәтижесінде 19,5 ұпай жинаған Алматы қаласының шахматшылары жеңіс тұғырына көтеріліп, бас кубокты жеңіп алды.

    Команда құрамындағы тақта нөмірі бойынша Марат Пірімбетов, Кирилл Карпунин, Марат Мурзин, Ирина Буланова мен Бекет Жароков қорғаған алматылық шахматшылар командасы 5 ұтыс, 2 тең және еш жеңіліссіз биік көрсеткішке ие болды. Екінші орынды Астана командасының шахматшылары 18 ұпай еншілесе, Жамбыл облысының шахматшылары 17 ұпаймен жүлделі үштікке қол жеткізді.

    Келесі реттілікті Ақтөбе, Қызылода – 1, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Қызылорда – 2, Батыс Қазақстан облысының командалары иеленді. Жүлделі үштікке ие болған шахматшылар командасына арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

     

    Нұрлан ҚҰМАР,

    АЛМАТЫ  

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *