Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турында «Дефенсор Спортинг» пен «Ривер Плейт» клубтарының арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды.
Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңген еді. Алайда матч аяқталысымен футболшылар бір-бірімен сөзге келіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне дейін барып бір-біріне қол ала жүгірген.
Содан кейін полиция келіп, қос команданың ойыншыларын райынан қайтарған. Алаңдағы төбелес бас төрешінің ойын ережесін бұзған ойыншыға қызыл қағаз көрсеткеннен кейін басталған. Енді Уругвай футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті төбелеске кәнілі адамдарды жазаға тартады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА