• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді.

    Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Аружан Зейноллаева (81 кг) мен Панар Сейітқанқызы (+81 кг) күш сынасады.

    Осы боксшылар аға жаттықтырушы Жангелді Ахметовтің жетекшілігімен шаршы алаңға шығады.

    Азия чемпионатына 25 елдің боксшылары келеді деп жоспарланып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *