• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан шахмат федерациясы

    Шахмат федерациясы Қазыбек Нөгербекке автокөлікті сыйлады (ВИДЕО)

    Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды.

    Бұл жарыста еліміз 12 алтын медаль жеңіп алды. Қалған алтын жүлдені Қытай, Үндістан, иран мен Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) атынан қатысқан Ресейдің өкілдері иеленді. Алматыда барлығы 25 адам жасөсіпрімдер арасындағы Азия чемпионы атанды.

    Осы чемпионатта Қазақстан шахмат федерациясы жақындаҮндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке электрокарды сыйлады. Оның кілтін Азия чемпионатының жабылу салтанатынада ұйымның президенті Тимур Турлов табыс етті.

    Қазыбек Нөгербек әлем чемпионатынада классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *