• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан күміс жүлдегер атанды

    Шахматтан Польшаның Быдгощ қаласында  өткен командалық әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды.

    Финалда қыздар құрамасы Грузия командасынан екі матчта да  1,5-2,5, 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

    Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.

    Қола жүлдені Франция құрамасы жеңіп алды. Француздар  үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын ұтты.

    Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы биылғы додада Украина, Үндістан, Франция және Египет командаларын ұтып, А тобында бірінші орынды иеленді. Ширек финалда ұлттық құрама Германияны, жартылай финалда Францияны жеңді.

    Биылғы әлем чемпионатында 12 команда бақ сынады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *