• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2024: Португалия құрамасы Роналдусыз рекорд жаңартты (ВИДЕО)

    Португалия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында J тобында Люксембург командасын 9:0 есебімен жеңіп, рекорд жаңартты.

    Бұл матч Португалияның Фару қаласында болды.  Ойында Португалия құрамасында Гонсалу Инасиу (12 және 45-минут), Гонсалу Рамуш (18, 34) мен Диогу Жота (57, 77) дубль жасаса, Рикарду Орта (67), Бруну Фернандеш (83) пен Жоау Феликс (88) бір-бір голдан салды.

    Бұл матчта португалиялықтар Криштиану Роналдусыз ойнады. 38 жастағы форвард ескерту түріндегі сары қағаздың саны асып кеткендіктен ойынға қатыса алмады. Бұған дейін Роналду Еуро-2024 іріктеу турнирінде бес гол салған еді.

    Бұл — Португалия құрамасының тарихтағы ең үлкен есеппен жеңісі. Осыған дейін португалиялықтар 1994 және 1999 жылдары Лихтенштейн командасын 8:0 есебімен ұтқан. 2003 жылы Кувейт құрамасын да 8:0 есебімен жеңген еді.

    Осылайша, Португалия Еуро-2024 іріктеу турнирінде J тобындағы алты матчың бәрінде жеңіске жетіп, 18 ұпаймен бірінші орында келе жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *