• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футзалдан ӘЧ: іріктеу турниріне Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Нидерланд пен Румыния командаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Тізімге 16 ойыншы енді.

    Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы:

    Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Нұралем Байдулла («Атырау»);

    Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Жахангир Рашит (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг», Португалия), Азат Валиуллин, Расул Әбдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Жомарт Тоқаев (барлығы – «Семей»), Арнольд Кнауб («Жетісу»).

    Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылардың жаттықтырушысы, Вендел Луиз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Қуаныш Ізбасаров – менеджер, Рахат Әкімқұл – әкімші.

    Қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Алмере қаласында Нидерланд құрамасымен сырт алаңда ойнаса, 20 қыркүйекте Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Румыния командасымен кездеседі.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *