Алматыда кадеттер арасындағы биылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. «Кадет» деп 12 жасқа дейінгі жас шахматшыларды атайды. Осы әлемдік додада 8 жастағы Әлиша Бисалиева, Әдинұр Әділбек пен 12 жастағы Данис Қуандықұлы чемпион атағын жеңіп алды. Осының нәтижесінде еліміз командалық есепте де үздік шықты. Шахматтан кадеттер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты (FIDE World Cadet Chess Championships 2025) 19–30 ...
Read More »Шахмат
Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!
Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...
Read More »Алматыда шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
Әлем чемпионаты 19–30 қыркүйек аралығында болады. Оған 8 бен 12 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатқа қазірдің өзінде 88 елден 850-ден астам жас шахматшы тіркелді. Олардың қатарында Үндістаннан (28), Қытайдан (25), АҚШ-тан (24) қатысушылар бар. Қазақстан чемпионат иесі ретінде 200-ден астам ойыншыны қатыстырады. Әлемдік дода Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Халықаралық шахмат ...
Read More »Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдесін алды
Шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында қола медальді иеленді. Ол соңғы турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады. Әйелдер арасында Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан) алып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 8 ұпаймен Екатерина Лагно (FIDE) иеленді. Рүстем ЖҮМАН, АСТАНА
Read More »Шахматтан ӘЧ: Қазақстан пара спортшылары тоғыз медаль алды
Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының пара спортшылары тоғыз медаль жеңіп алды. Бұл әлемдік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Ол шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен болды. Чемпионатта классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов пен Әлімжан Аяпов қола жүлдені иеленсе, блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік ...
Read More »Меруерт Камалиденова биылғы әлем додадағы үздік шахматшыны жеңді
Грузияда өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті. Осы сынға қатысып жатқан 19 жастағы Меруерт Камалиденова ресейлік Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Қазір отандасымыз рейтингте 59-шы орында тұр. Осылайша, Камалиденова екінші сенсациялық жеңіске жетті. Бұған дейін ол қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны жеңген болатын. Әлем кубогының жүлде қоры шамамен — 700 000 АҚШ доллары. ...
Read More »Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада. Бұл турнир 2021 жылдан ...
Read More »Бибісара Асаубаева Sharjah Masters 2025 супер турнирінде жеңіске жетті
Бүгін БАӘ-де шахматтан өткен Sharjah Masters 2025 супер турнирінде Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстер нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтинг межесінен асты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бибісара Асаубаева 64 гроссмейстер қатысқан турнирде әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті (28-орын). Ол әйелдер арасында 2024-25 жылғы маусымдағы Гран-при жеңімпазы Чжу Цзиньир (2541) мен Олимпиада ...
Read More »Шахматшы Ксения Балабаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Шахматшы Ксения Балабаева Испанияның Севилья қаласында өткен дәстүрлі Ciudad de Sevilla халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құраманың шахматшысы рапидтен 9 партияның жетеуінде тамаша өнер көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 19 қаңтарда бір отандасымыз Арыстанбек Уразаев қола жүлдеге ие болды. Ол 9 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинады. Биыл бұл жарыс ...
Read More »Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында шахматтың рапид түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Бибісара Асаубаева сегізінші орын алды, деп хабарлады Zakon.kz. Ол бірде-бір партияда жеңілмей, қорытынды есепте 7,5 ұпай жинады. Асаубаева жарыстың соңғы күнінде армениялық Анна Саркисянды жеңіп, Цзюй Вэньцзюньмен (Қытай) және Турмунхийн Мунхзулмен (Моңғолия) тең түсті. Осылайша, Бибісара Асаубаева америкалық рапид турнирін сегізінші орында ...
Read More »