• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Анна Нұрмұхамбетова елге Олимпиаданың күміс жүлдесімен оралды

    Бүгін Астанаға Перудің Лима қаласынан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Анна Нурмухамбетова мен Словенияның астанасы — Люблянада брейкингтен өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған Әмір Қылышбаев (алтын) пен Әмір Амангелді (қола) келді.

    Анна Нұрмұхамбетоваға күміс медальді жасөспірімдер арасында Перудің астанасы – Лима қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында табыс етілді. Ал Әмір Қылышбаев пен Әмір Амангелді Словенияда аяқталған әлем чемпионатында жүлдеге ие болды.

    Шешім шыққанда сенер, сенбесімді білмедім. Қазір қуанышымда шек жоқ. Лимада жүлдені салтанатты түрде тапсырғаннан бергі көңіл-күйімді сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын, — деді Анна Нұрмұхамбетова журналистерге берген сұхбатында.

    Еске сала кетсек, 2012 жылғы Олимпиадада Анна Нұрмұхамбетова 69 келіге дейінгі салмақта жалпы есепте бесінші орын алған болатын. Сол кезде Халықаралық Олимпиада комитеті чемпион атанып, жүлде алған спортшылардың тыйым салынған заттарды қолданғанына күмән келтіріп, медалистерді тексергенде Марина Шкерманкова (Беларусь) мен Дина Сазановецтің (Беларусь) допингті пайдаланғаны анықталды. Сөйтіп, олар спорттан шеттетіліп, арада біраз уақыт өткенде жүлделер қайта үлестірілді. Беларусь спортшыларының нәтижесі қайта қаралып, жойылған соң, Нурмухамбетова қола медаль алды.

    Содан кейін 2020 жылы күміс медаль алған румын атлеті Роксана Кокоштың сынамасы қайта тексеріліп, одан да допинг анықталды. Кейін оның да нәтижесі жойылып, күміс жүлдесін қайтарып берді.

    Қайта медаль үлестіру кезінде Анна Нұрмұхамбетова екінші орынға көтеріліп, оның қола медалі колумбиялық Убальдина Вальеске берілді.

    Енді қазіргі есеп бойынша Қазақстан Лондон Олимпиадасынан 3 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде алып отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *