• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Аян Несіпбаев

    Футбол: Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаға іріктеліп жатыр

    Қазақстан футбол федерациясының FIFA High Performance департаментімен ынтымақтастығы аясында шақырылған ағылшын маманы Стюарт Джон Холлдың жетекшілігімен Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына іріктеу болып жатыр, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Еске сала кетсек, соңғы жарты жылда Стюарт Джон Холл еліміз бойынша футболмен айналысатын 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді ҚФФ Техникалық орталығы, Ұлттық құрамалардың жаттықтырушылар штабы мен аймақтық ҚФФ бапкерлерінің қолдауымен іріктеді.

    Скаутинг нәтижесі бойынша болашақ U-15 құрамасы үшін 43 ойыншының портфолиосы құрылды.

    Бағдарлама үш жылға созылады. Іріктеуде өзін көрсете білген 2010 жылғы 25 талантты футболшы Талғар қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу үшін ұлттық академияға қосылады. Жас ойыншылар бапкерлік штабтың жетекшілігімен жаттығып, ФИФА мен УЕФА-ның турнирлерінде тұңғыш Қазақстан U-15 құрамасының намысын қорғайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *