• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Боксшы Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

    Ол 75 келі салмақта украиналық Каролина Махноны 5:0 есебімен жеңді.

    Осылайша, ол Римма Волосенконың ізін ала турнирдің екінші айналымына шықты.

    Таиландтағы іріктеу турнир 3 маусымда аяқталады.

    Валентина Хальзованың келесі қарсыласы  — моңғолиялық боксшы Эденетуя Энхбаатар.

    Жекпе-жек 1-маусымға жоспарланған. Ал 28 мамырда шамамен сағат 11:45-те 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы түркиялық боксшы Мизан Айколмен қолғап түйістіріп, лицензиялық турнирде екінші рет шаршы алаңға шығады.

    Кешкі сессияда 16:45-те 54 келі салмақтағы Ұлжан Сәрсенбек америкалық Шэрой Мэй Патрисиомен күш сынасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *