• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннистен ӘЧ: Қазақстан іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады

    Шымкент қаласында теннистен 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Финалда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жапония командасына аса тартысты матчта 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Шымкентте бірнеше күн бойы жаңбыр жаууына байланысты алғашқы екі ойын залда хард төсенішінде болды. Алдымен Дамир Жалғасбай Каваниши Хьюға 6:1, 1:6, 1:6 есебімен есе жіберді

    Одан кейін Заңғар Нұрланұлы Жапония командасының көшбасшысы Табато Рюдан 6:4, 6:4 есебімен айласын асырды.

    Заңғар Нұрланұлы іріктеу кезеңінде алты кездесу өткізіп, соның бәрінде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, жеңіске жетті.

    Үшінші, шешуші ойында жұптық сында жапониялық 3:6, 7:6 (7:5), 10:6 есебімен басым түсті.

    Сөйтіп, Жапония екінші жыл қатарынан іріктеу турнирінде бірінші орынға ие болды.

    Соңғы сында жеңіліп қалғанына қарамастан, жасөспірімдер құрамасы бір апта бойы жеңіске деген жігерлерін жани білді. Былтыр Қазақстан командасы үздік үштікте болса, биыл екінші сатыдан көрінді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *