• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Журналистика

    «Үздік – 2025» сыйлығының лауреаттары анықталды

    Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

    Read More »

    BAQ Open by Beeline Janymda турнирінің жеңімпаздары анықталды

    Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды. Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады

    Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...

    Read More »

    Белгілі спорт журналисі Диля Ибрагимова мәңгілік мекенге аттанды

    Отандық журналистика өкілі, белгілі спорт журналисі және спорт жаңалықтарының тележүргізушісі Диля Ибрагимова ауыр науқастан қайтыс болды. Ол бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресті. Диля Ибрагимова отандық телевизия саласында жұмыс істеді.  «Таң», КТК, «Хабар» телеарналарындағы спорт жаңалықтарының жүргізушісі болып қызмет етті. Оның жылы даусын, кәсіби шеберлігін және спортқа деген адалдығын көптеген әріптестері мен көрермендері ерекше құрметпен еске алып отыр. «Спорт басылымдары ...

    Read More »

    Almaty арнасы ұйымдастырған аламан

    «Адамзат бөз бермейді сөз береді», деген екен ата—бабамыз. Қазіргі ақпарат жүйелері тоғысып, оқырман қауымға ағыны тасқындап жатқан заманда БАҚ өкілдерінің қызметі еселей түсуде. Сөз тіршіліктің құралы болса, сол сөз құдіретінің тонын теріс айналдырып оқырманның назарына жеткізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі адал деп білеміз. Баспасөз бен теледидардың қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Оны көзі ашық көркірегі ояу оқырман жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновша айтқанда ...

    Read More »

    Бәрін журналистер мен блогерлер шешетін болса, біз не істеп жүрміз? – Мырзағали Айтжанов

    Биыл Францияның астанасы – Париж қаласында төрт жылда бір айналып келетін жазғы Олимпиялық ойындар шеру тартады. Әзірше осы дүрмекті додаға ерлер арасындағы ұлттық құраманың алты боксшысы ғана жолдама алып қойды. Енді бір лицензияның тағдыры Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында болатын халықаралық турнирде шешіледі. Бұл жарыс 26 мамыр мен 2 маусым аралығында жалауын желбіретіп тұрады. Қазір ұлттық құрамада 63,5 келі салмақтағы ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы-президенттің кеңесшісі Берік Уәли хабарлады. Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай Aiqyn мен «Литер» газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, ...

    Read More »

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі еді

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі, қазақ спорт комментаторлық қызметінің  іргесін қалаған жанның бірі, өз саласының қамшы салдырмас саңлағы болған, ардақты ағамыз, ой кемел, айтары байтақ жаны жайсаң асыл ұстазым Рабат Жәнібеков бақилық өмірге аттанып кетті. Аяулы ағамның қазақтың комментаторлық мектебінің дамуына қосқан үлесі шексіз еді. Өзінің футбол жүргізіп отырғанда қиыннан қиыстырып қолданатын тапқыр сөздерімен миллиондаған көрермендерін баурап алатын айырықша қасиетін ...

    Read More »

    Белгілі журналист Рабат Жәнібеков өмірден өтті

    Қазақ журналистикасының ардагері, қазақ телевизиясы мен радиосына өз қолтаңбасын қалдырған белгілі спорт журналисі Рабат Жәнібеков өмірден өтті. Рабат Әлібекұлы 1942 жылы 27 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында туған. Ол саналы ғұмырын қазақ телевизиясына арнап, қазақ тілінде спорт репортажын жүргізген комментатор болды. Мектепті бітіргеннен соң қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсті. Университетте білім алып, жеңіл ...

    Read More »