• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    aikyn.kz

    Мемлекет басшысы Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы-президенттің кеңесшісі Берік Уәли хабарлады.

    Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай Aiqyn мен «Литер» газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, салмақты сараптамаларымен, сүйекті сұхбаттарымен танылды. Бүгінде Aiqyn мен «Литер» — еліміздегі көшбасшы газеттердің бірі һәм бірегейі, — делінген құттықтау хатта деді Берік Уәли.

    Ол мемлекет басшысының газеттердің өркендей беруіне тілектес екенін айтып, Aiqyn мен «Литер» басылымдарының алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қоса беретініне сенім білдірді.

    Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Кемелұлы талантты журналист, белгілі медиаменеджер Талғат Ешенұлы басқаратын «Айқын-Литер» ЖШС-ның құрамына кіретін Turkistan апталығын да 20 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.

    facebook.com/Берік Уәли

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *