• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    BAQ Open by Beeline Janymda турнирінің жеңімпаздары анықталды

    Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясы мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен БАҚ өкілдері арасында BAQ Open by Beeline Janymda турнирі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Астана, Алматы және Тараздан БАҚ өкілдері топтық бәсеке мен плей-офта ойнап, «Мастерс» пен «Фьючерс» санаттары бойынша медальдар мен ынталандыру жүлделерін сарапқа салды.

    Турнирге 37 қатысушы жиналды. Жүлдегерлер арасынан жаңа есімдер шықты. Бұл теннистің журналистер ортасында қанат жайып келе жатқанын көрсетеді.

    Әйелдер арасында Әйгерім Асылбаева жеңіске жетті. Ол алты дүркін BAQ Open чемпионы атанды.

    Алматыда биыл жазғы BAQ Open жеңімпазы атанған Қуандық Шынасылов қыста да үздік екендігін дәлелдеді. Ол финалда Сәби Байбосыновты 6:4 есебімен жеңді.

    Күміс жүлдегер Сәби Байбосынов марапаттаудан кейін ойын айтты.

    — Қазақстан теннис федерациясына турнирді тамаша ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Барлығы өте жақсы болды. Бас әріптес Beeline Kazakhstan компаниясына  Janymda брендісімен, сондай-ақ Match Ball қосымшасына әуесқой теннисті дамытуды қолдап, үлес қосқаны үшін жеке ризашылық білдіремін.

    Жыл санап BAQ Open жарысына қатысушылар саны көбейгені өте қуантады. БАҚ өкілдері арасында тенниске қызығушылық артып келеді. Мұндай турнирлер шынында да керек. Ол журналистерді, блогерлер мен медиа мамандарын біріктіреді. Теннис аясын кеңейтіп, әдемі спорттық ахуал қалыптастырады. BAQ Open бұдан былай да дамып, бүкіл ел бойынша қатысушыларды көбірек тартады деп үміттенемін, — деді ол. 

    «Мастерс» санаты бойынша ерлер арасында жүлдегерлер: 

    1-орын – Қуандық Шынасылов (Zakon.kz);

    2-орын – Сәби Байбосынов (Хабар);

    3-орын – Павел Цыбулин  (kinopoisk.kz)

    «Фьючерс» санаты бойынша жүлдегерлер:

    1-орын – Богдан Грушевский (Freedom QJ League);

    2-орын – Мәди Мұхамедқали («Қазтеміртранс» АҚ);

    3-орын – Тимур Айтмұханбет («Азаттық радиосы»).

    Қыздар арасында жүлдегерлер:

    1-орын – Әйгерім Асылбаева (24KZ телеканалы);

    2-орын – Галина Выборнова («Комсомольская правда-Қазақстан»);

    3-орын – Аяулы Ахметқазы (qazaqculture.com)

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, ескерткіш сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

    Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *