• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: көркем гимнастика

    Қазақстан құрамасы — көркем жүзуден Әлем кубогының иегері

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінің иегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Акробатикалық бағдарламада Қазақстан спортшылар алаң иелері Қытай құрамасынан да көп балл алды. Еліміздің құрамасы екі күн бұрын техникалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді. Ал кубокты 213.7801 балл жинаған  Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина ...

    Read More »

    Гимнастшы Айбота Ертайқызы Гран-при турнирінде үш жүлде алды

    Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Айбота Ертайқызы шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды. Финалға дейін ұлттық құрама спортшысы көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Гимнастшы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен ...

    Read More »

    Айбота Ертайқызы барлық жаттығуда финалға шықты

    Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста ел намысын Айбота Ертайқызы қорғап жатыр. Ұлттық құрама спортшысы көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер бүгін, 31 наурызда аяқталады.

    Read More »

    FIG ALEM CUP: Астанаға көркем гимнасшылар жиналды

    Ұзақ жылдардан кейін көркем гимнастикадан Астана қаласы FIG дәрежесіндегі турнирді қабылдады, деп хабарлады Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Әлемдік күнтізбеге енген халықаралық турнирде отандық спортшылардан бөлек, Оңтүстік Корея,  Қырғызстан, Әзербайжан, және бейтарап елдің көркем гимнасшылары да келді. Халықаралық көркем гимнастика федерациясының жарысын қабылдау талаптары жоғары. Біріншіден, спорт кешенінің биіктігі, жарығы, 3 мың адам сиятын орындығы т.б бірнеше көрсеткішке ...

    Read More »

    Көркем гимнастшылар Грекияда үш алтын медаль жеңіп алды

    Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Афродита» кубогы үшін турнирде Ерік Жайлауова, Айбота Ертайқызы мен Милана Парфилова Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Telegtam-дағы tvalmaty арнасы. Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс,  Айбота Ертайқызы таспамен және  ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Гран-при кезеңінде алтын жүлде алды

    Гимнасшы Елжаңа Таниева Испанияда өтіп жатқан Гран-при кезеңінде алтын медальді жеңіп алды. Ол доппен өнер көрсетуде финалға шығып, 33 400 ұпаймен алтын жүлдені иеленді. Осы бағдарламада өзбекстандық спортшы күміс медаль алса, қола жүлдеге Словения өкілі ие болды. Сондай-ақ, Таниева шығыршықпен жаттығуда сегізінші, ал таспа, ұршық жаттығуларында төртінші орыннан көрінді. Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір ...

    Read More »

    Көркем гимнастшы Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды

    Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы ұршық және лентамен өнер ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Gracia Fair Cup турнирінде 4 алтын медаль алды

    Мажарстанның астанасы – Будапешт қаласында өткен көркем гимнастикадан 28-Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Турнирде жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, үш жаттығуда алтын медальді жеңіп алды.  Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Спартакиадада Шымкент спортшылары жеңіске жетті

    Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ сынады. Бұл қатарда Елжаңа Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері бар. Шығыршықпен өнер көрсетуде ұлттық құрама көшбасшылары ешкімге дес ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »