• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

    Айбота Ертайқызы – Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Сингапур төрінде жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы өз өнерімен көз сүйсіндіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Ол жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында, төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Өзбекстан спортшылары көш бастап, алғашқы екі орынды иеленді. Сондай-ақ, Айым Мейіржанова барлығы  80.450 ұпаймен бесінші сатыдан көрінді.

    Айта кетейік, сары құрлық додасына 19 елден 100-ден астам атлет бас қосып, өз бағын сынап жатыр.

    Енді, ертең финал болады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *