• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Қазақстан командасы топтық сайыстағы 3 шығыршық және 2 жұп ұршықпен жаттығудың финалында 26.650 ұпаймен жеңімпаз атанса, 5 лента бағдарламасында (24.100 ұпай) күміс медаль иеленді.

    3+2 бағдарламасы:

    1. Қазақстан — 26.650 ұпай
    2. Өзбекстан — 25.150
    3. Оңтүстік Корея — 24.250

    5 лента нәтижесі:

    1. Өзбекстан — 25.850
    2. Қазақстан — 24.100
    3. Оңтүстік Корея — 20.850

    Кеше құрамадағы бір топ гимнасшымыз (Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Мадина Мырзабай, Аида Хакімжанова, Кристина Чепульская) топтық жаттығудан көпсайыста алтын медаль алған еді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *