Әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол финалда жапон спортшысы, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина Дияс таразы басын аудара білді. Есеп — 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға шықты. Бірақ Зарина Дияс бұдан кейін қарқын қосып, есепті 6:3-ке жеткізді.
Финал 1 сағат 24 минутқа созылды.