• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Дмитрий Патанин – Сомбатхейдегі Challenge cup турнирінің жеңімпазы!

    Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13.200 ұпаймен түйіндеді, — делінген хабарламада.

    Ертеңгі финалда Дмитрий Патанин қос сырықта, ал Милад Карими керме жаттығуында жүлдеге таласады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *