Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды.
Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА