Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстанның азаматтығын алғысы келіп жүр деген дерек шықты. Ол әуелі Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясына азаматтықты өзгерту туралы өтініш берген. Алайда федерация оның өтінішін қанағаттандырмай, спортшыға рұқсат бермеген. Содан кейін «Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы» РҚБ хабарлауынша, Самоделкина өз бетінше Қазақстан азаматтығын алған.
Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы» РҚБ мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинадан ұлттық құрама атынан өнер көрсетуді сұраған жоқ. Спортшы азаматтығын өз бетінше ауыстырды. Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады, делінген хабарламада.
Бұған дейін 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан атынан өнер көрсетуге ниетті екені айтқан болатын. Одан кейін ол азаматтық туралы ештеңе айтпады.
Қазір одақ Самоделкинаға қатысты мәселемен айналысып жатқан жоқ. Ресей БАҚ-тарының мәліметіне қарағанда, мәнерлеп сырғанаушы қалай болғанда да Қазақстанның спортттық азаматтығын алғысы келіп, тырысып жүр.
Софья Самоделкина ЦСКА құрамында белгілі жаттықтырушы Светлана Соколовскаяның қарамағында жаттығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА