16-18 маусымда Астана қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында VII әлем чемпионаты өтті. Ол Қазақстан құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды. Қазақстан жекпе-жек шеберлері 21 алтын, 19 күміс, 21 қола медаль жеңіп алды.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, әлем чемпионатының алтын жүлдесін елімізге Медет Қожбанов, Ердәулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мади Райхан, Дәулет Темірханов, Сергей Вальтер, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов, Бақытбек Баймұханбетов, Қайрат Мұканбеков, Санжар Жанбатыров, Аида Хайруллина, Шынар Кенжебаева, Сая Жанаева, Данияр Койшыбек, Сора Рахмонова, Ұлан Мұқашев пен басқа отандастарымыз басқалары сыйлады.
Чемпионаттың күміс медалін Серік Абиров, Андрей Тирешин, Арай Мусина, Сая Әуелбекова, Аманбек Жаманқараев, Әлихан Сейітов, Айдын Үмбетов, Нұрсұлтан Бекбатшаев, Демей Бексултан, Хайдар Есенғалиев, Бек Насихатов, Сағыныш Асылбекова, Евгения Смоленкова, Бақтияр Мұратбек, Аида Хайруллина, Диана Жұмағазиева, Сауран Арапбай мен басқа да жекпе-жек шеберлері жеңіп алды.
Қола жүлдеге Әмина Шайменова, Шынар Кенжебаева, Әсел Жұмақаева, Шынар Баймұрзина, Алексей Беликов, Сергей Бредихин, Ардақ Мәдимұхаметов, Әділжан Авакри, Абылай Табанов, Саида Хасенова, Арман Ахашов, Владимир Саакян, Мақсат Бекмұхамбетов пен басқа да спортшылар ие болды.
Ресей командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Ресейліктер 7 алтын, 7 күміс және 15 қола медаль алды. Медаль саны бойынша үшінші орынға Өзбекстан құрамасы шықты. Оның қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль бар.
Медальдық есепке енген командалар қатарында Молдова (1 күміс және 1 қола медаль), Қырғызстан (6 қола), Таиланд (3 қола) бар.
Әлем чемпионатына 32 елден 312 спортшы қатысты (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Болгария, Венесуэла, Венгрия, Гана, Германия, Грекия, Үндістан, Иордания, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Пәкістан, Польша, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Сирия, Сьера-Леоне, Ливан, Түркия, Чехия, Швейцария).
Әлем чемпионатының «жекпе-жек» түрінен жарысқа 17 салмақ дәрежесінде 118 ер және 43 әйел спортшы қатысты. «Өзін өзі қорғау» түрінен сынға 16 салмақ дәрежесінде 129 ер және 32 әйел күш сынасты.