• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Ольга Панарина 53 жасында алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

    Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстанның әйелдер құрамасында алтын медальді  Әсем Орынбаймен және Зоя Кравченкомен бірге 53 жастағы Ольга Панарина жеңіп алды.

    Спортшы 53 жасында алғаш рет Азиаданың алтын жүлдесін алып отыр.

    Біріншіден, мен көп жаттығамын. Екіншіден, спортшылар қартаймайды. Мен спортпен өмір бойы айналысып келемін. Нысана көздеумен жас кезімнен бері айналысамын. Сондықтан қандай бір жарыс болсын оған құлшынып кірісемін.

    Мен барлық командаластарыма алғыс айтқым келеді. Менен кеңес сұрағандарға, әрқашан көмектесуге тырысамын. Біздің ұжымымыз өте тату. Менің ойымша. бұл жеңіс осы командалық рухтың нәтижесі. Мен бұл медалімді қарт ата-анама арнағым келеді. Олар әрқашан менімен бірге. Мені әрқашан қолдар келеді, — деді Ольга Панарина.

    Азиада чемпионы мен рекордшысының немересі бар. Рекорд дегенде бүгін командалық жарыста ол Әсем Орынбаймен және Зоя Кравченкомен бірге 350 ұпай жинап, жарыстың рекордын жасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by @turizm_sport_ministrligi

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *