• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азиада: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті (ВИДЕО)

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Стенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 рет нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

    Тағы бір ұлттық құраманың мергені Ольга Панарина финалда 34 ұпаймен төртінші орын алды.

    Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша Зоя Кравченкомен және Ольга Панаринамен бірге финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

    Олар Азия ойындарының рекордын 344 ұпаймен жаңартты.

     

    ФОТО: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *