Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстанбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлады SportPress.kz.
Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.
Жартылай финалда Құрманғаливе пен Фараджи Оңтүстік Корея спортшыларынан 0:3 есебімен жеңілді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары