• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын жүлде

    Шахматтан ӘЧ: Қазақстан құрамасы екі алтын мен төрт күміс жүлде алды (ФОТО)

    Грузияның Батуми қаласында рапид және блиц шахматтан кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері  Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) алтын медаль мен күміс жүлде алса, Аланна Берікқызы мен Иман Нəбиев күміс жүлдегер атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан өткен жарысқа 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ...

    Read More »

    Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы серпе көтеруде 181 келімен аяқтап, осы бағдарламада кіші күміс медаль алды. Ал жұлқа көтеруде барын салып, 219 кг зілтемірді басынан асырды. Бұл осы жаттығудағы алтын жүлде. Жалпы есепте ол 400 келімен топ жарды. ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуаны алтын жүлде алды (ФОТО)

    Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен барлық салмақтағы чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін кілемге шыққан ұлттық құраманың бес балуаны кешкі сессияда медаль үшін таласты. Онда грек-рим күресінен ұлттық құраманың қоржынына жалғыз алтын жүлдені Ибрагим Магомадов салды. Ол финалда Иран балуаны Саяд Әли Именталабфоманидің осал тұсын ...

    Read More »

    Х Азия чемпионаты: Қазақстан алты алтын жүлде жеңіп алды (ФОТО)

    Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні Қазақстан спортшылары бес медаль жеңіп алды. Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді ұлттық құраманың спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алтын медаль алса (1.89 метр), Кристина Овчинниковаға күміс жүлдені (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді, — ред.), Елизавета Матвееваға (1.84 метр) қола медальді иелденді. Мұндай жағдай бұрын-соңды ...

    Read More »

    Боксшы Теміртас Жүсіпов алтын медальді жеңіп алды

    Боксшы Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында қырғызстандық Асылбек Аманқұл уулудан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Осылайша, Теміртас Жүсіпов Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Бұған дейін ол  өзбек боксшысы Дониер Бекмуродов пен әзербайжан Турал Сариевті жеңген болатын. Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2021) және Азия чемпионы ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Элина Михина Азия чемпионы атанды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан  жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз топ жарды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту ...

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...

    Read More »

    Апалы-сіңлілі Бақбергеновалар АҚШ-та жеңімпаз атанды

    АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева ...

    Read More »