Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан спорртшылары 10 медальді, оның ішінде 8 алтын жүлдені жеңіп алды.
А және В тобында Әділбек Мусин, Максим Сказобцов пен Софья Сподаренко баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден чемпион атанса, брасс әдісімен 50 метрге сынға түскен Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов алтын жүлдені иеленді. Сол сияқты 50 метрге еркін әдіспен жүзуге София Әбубәкірова мәреге бірінші болып жетті.
Командалық жарыста Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов бар ерлер құрамы 100 метрге төрт рет жүзуде бас жүлдені иеленді.
Суға тұғырдан қатар секіруде Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина алдына жан салған жоқ. Олар да бірінші орынға ие болды.
Диана Тасжанова 1 500 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс медаль алса, Даниил Черепанов та еркін әдісте 50 метрге жүзуде екінші орынды қанағат тұтты.
Сары құрлық додасының екінші күнінен кейін Қазақстан 21 медальді қалтасына басып отыр. Оның ішінде 11 алтын, 6 күміс пен 4 қола жүлде бар.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram