• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Тұрлыбек Айтенов

    Су спортынан АЧ: Қазақстан тарихи нәтиже көрсетті

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Соңғы жарыс күні спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

    А тобында Әділбек Мусин (50 м баттерфляй), Ксения Игнатова (шалқалай жүзу 200 м), София Сподаренко (50 м баттерфляй) чемпион атанса, Диана Тасжанова 200 метрге шалқалай жүзуде күміс жүлдені иеленді.

    В тобында Егор Попов (шалқалай жүзу 200 м), София Әбубәкірова (50 м баттерфляй), Максим Сказобцов (50 м баттерфляй әдісі) алтын медаль алса, брасс әдісімен 200 метрге жүзуде Арсен Қожахметов пен еркін стильде 100 метрге жүзуде Даниил Черепанов қола жүлдеге ие болды.

    Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Бұл нәтиже спортшыларымызға Жапониядан кейін командалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді. Күншығыс елі 36 алтын, 20 күміс, 15 қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын жаңартты.

    Бүгін 1 наурызда суға секірушілер жарысы аяқталады. Қазір Қазақстан қоржында 1 алтын, 3 күміс мен 1 қола медаль бар. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс болады. Ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *