«Жеңіс» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып Әли Әлиев тағайындалды.
Әли Әлиев 1980 жылы туған. Ол 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасында ойнай бастап, одан кейін Алматының «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады.
2015-2018 жылдарда Петропавл қаласының «Қызылжар» құрамында ойнап, одан кейін осы команданың тізгінін ұстады.
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасында бас жаттықтырушысы болып, бес турдан кейін қызметінен кетті.
Андрей Демченко «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары