Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды.
Олар жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Финалда теннисшілер армениялық Ани Амирагян мен түркиялық Ада Кумрумен ойнады.
Матчта отандастарымыз қарсыластарын 5:7, 6:4, 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай тамыз айында Астанада Президент кубогы үшін өткен ITF W15 додасында үздік шыққан еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары