• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан Грекиямен матчқа құраманы жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия командасымен болатын матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

    Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

    Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (бәрі – «Астана»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Актобе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

    Жартылай қорғаушылар:  Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (бәрі – «Актобе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобол»);

    Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Владислав Прокопенко, Рамазан Кәрімов (бәрі – «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»)

    Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады.

    Оқу-жаттығу жиыны 8 наурызда Дубайда басталады

    Грекия  – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.

    Қазір матчтың билеттері онлайн сатылып жатыр.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *