Францияның ПСЖ клубының бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе Париж қаласының командасын сотқа беріп, жеңіп шықты.
Сот үкімі бойынша, ПСЖ футболшыға жалақының өтемі ретінде 61 миллион еуро төлеуі тиіс.
The Guardian деректеріне қарағанда, осыдан бір ай бұрын Мбаппе ПСЖ-дан 263 миллион еуро өтемақы талап еткен еді. Бұл сомаға ойыншының келісімшарт аяқталғаннан кейін төленбеген жалақысы мен сыйақысы, сондай-ақ командадағы қарым-қатынасына байланысты өтемақы кіреді.
ПСЖ мен футболшының қарым-қатынасы 2023 жылы Мбаппе келісімшартын ұзартпауға шешім қабылдағанда нашарлады. Келісімшарт 2024 жылдың жазында аяқталуға тиіс еді. Килиан Мбаппе 2024 жылдың жазында «Пари Сен-Жермен» клубынан Мадридтің «Реал» командасына ауысқан болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары