Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда кадеттер арасында өткен Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды.
Ол семсерлесудің қылыш түрі бойынша сайыста топ жарды.
Финалда Айбар Қайым Германия өкілі Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңді.
Бұған дейін де спортшы Әлем кубогының кезеңдерінде екі мәрте жеңіске жеткен болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары