Мельбурн қаласында 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
-Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді, — делінген хабарламада.
Заңғар, Дамир және Даниэль былтыр командалық әлем чемпионаты — жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, бесінші орынға табан тіреген болатын.
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары