• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Дамир Жалғасбай

    Australian Open, қазақ балаларын қарсы ал!

    Мельбурн қаласында 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. -Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді, — делінген ...

    Read More »

    17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирді жеңіп алды

    17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық ойынды жеңіспен аяқтады. Финалда Жалғасбай мен Загарс швейцариялық Адриен Бурде мен  мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыластарын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »