• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Голболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды

    Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голболдан ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет алтын медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Жарыста Қазақстан құрамасымен бірге Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд және Сауд Арабиясының командалары бақ сынады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтті.

    Турнирдің бастапқы кезеңінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға 9:10, Иран командасына 3:5 есебімен жеңілді.

    Кейіннен команда ойын жүйесін реттеп, тактикалық тұрғыда жинақталып, ойындардың барысын өз пайдасына шеше білді. Нәтижесінде Қазақстан голболшылары Сауд Арабиясын 12:7, Таиландты 11:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Иран командасын 7:5 есебімен жеңіп, финалдық бәсекеде Оңтүстік Корея құрамасынан 9:6 есебімен басым түсіп, жарыстың алтын жүлдегері атанды.

    Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-орын, Оңтүстік Корея 2-орын, Иран 3-орынға тұрақтады.

    -Жарыста барлығы алты ойын өткіздік. Спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келді. Мемлекет қолдауымен Алматы мен Астанада оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Нәтижеге көңіліміз толады. Команда құрамындағы алты спортшының төртеуі үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс болғанына қарамастан, олар өздерін жоғары деңгейде көрсете білді», — деді голболдан бас жаттықтырушы Андрей Шпехт.

    Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) болды. Оған 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

    Аталған ойындарда Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен сынға түсіп, жалпы саны 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *