• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Спартакиада

    Астанада таэквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды

    Астанада таеквондодан VI жазғы Спартакиада аяқталды. Жарыс 2-4 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен 179 мықты спортшы медальдар үшін күш сынасты. Оған 113 ер адам мен 76 әйел қатысты. Олардың арасында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Смайыл Дүйсебай, Рио-де-Жанейро, Токио қалаларында болған Олимпиялық ойындарға қатысып, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы ...

    Read More »

    Бокстан жаңа ұлттық құрама команда жасақталады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Спарктаиада бір апта бойы Beeline Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Оның қорытындыысы бойынша 13 салмақта, атап айтқанда 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг дәрежесінде чемпиондар анықталды. Төрт боксшы екінші рет ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: алғашқы жартылай финалистер анықталды (ВИДЕО)

    Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың төртінші жарыс күнінде 48, 54, 60, 67, 75, 86,+92 келі салмақта жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. 48 кг салмақта 35 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте Түркістан облысының жас спортшысы Равшан Туракуловты жеңді. Сол секілді өз салмақтарында басты фаворит ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: Қазақстан чемпионы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев пен Василий Самчук күтпеген жерден қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Жандос Қыдырәлиевтен 0:5 есебімен есе жіберді. Жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді. Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан. Ол ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиадада фавориттер көріне бастады (ВИДЕО)

    Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде бокстан әр төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ерлер арасындағы Спартакиада басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бокс бәсекесінде әлем чемпиондары – Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден жиналған 250-ден астам былғары қолғап шебері сынға түсіп жатыр. Боксшылардың жекпе-жектері олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 кг, 51 кг, ...

    Read More »

    VI жазғы Спаракиада:  боксшылар қарсыластарын анықтады

    13-19 қараша аралығында бокстан Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде өтетін VI жазғы Спартакиаданың жеребе тарту рәсімі өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысының боксшыларынан басқа өңірлер мен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан  177 спортшы қатысады. Боксшылар 13 салмақта, атап айтқанда, 46-48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92,+92 келіде  жеңімпазды анықтайтын болады. Бұл жарыста 2020 жылдан кейін ...

    Read More »

    VІ жазғы Спартакиадада: Алматы қаласының мергендері топ жарды (ФОТО)

    Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бір аптаға созылған бәсекеде 27 бағдарламада жүлде сарапқа салынды. Оның 12-сі жекелей, 12-сі командалық сайыста, қалған 3 медаль жиынтығы аралас жұптар арасында өз иесін тапты. Барлығы Шымкенттегі бәсекеге 9 өңірден 138 спортшы қатысты. Бүгінгі екі жүлде жалпы есептегі жеңімпазды анықтап берді. Жылжымалы нысана ...

    Read More »

    Қарағанды облысы қол добынан өз атағын қорғап қалды

    Қарағанды қаласында қол добынан ерлер арасында VI жазғы Спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бір апта бойы кеншілер астанасында 6 өңірдің командасы өзара (Астана, Шымкент қаласы, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе және Алматы облысы) айналмалы жүйе бойынша мықтыны анықтады. Шешуші турда бірден Қарағанды, Ақтөбе мен Шымкент гандболшылары бас жүлдеден дәмелі болды. Жарыс қожайыны Астана қаласының командасын ...

    Read More »

    Көркем гимнастика: Спартакиадада Шымкент спортшылары жеңіске жетті

    Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Бұл жолы жекелей сында еліміздің әр өңірінен келген 54 гимнаст сынға түсті. Ал топтық жаттығуда 12 команда бақ сынады. Бұл қатарда Елжаңа Таниева, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері бар. Шығыршықпен өнер көрсетуде ұлттық құрама көшбасшылары ешкімге дес ...

    Read More »

    Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады

    Бүгін Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады. Жарыстар 3-7 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларды Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сынға түседі. Күндізгі бағдарлама 10.30-да, кешкі бағдарлама — 18.00-де басталады. Бірінші болып жарысты «классиктер» бастайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »