• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/boxingkazakhstan/

    Бокстан Спартакиада: Қазақстан чемпионы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев пен Василий Самчук күтпеген жерден қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Жандос Қыдырәлиевтен 0:5 есебімен есе жіберді. Жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді.

    Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан. Ол  2021 жылы Сербияның Белград және 2023 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстасқан.

    63,5 кг салмақта фаворит саналған Василий Самчук те ширек финалға шыға алмады. Ол Айтжан Әшірханнан 3;4 есебімен жеңіліп қалды.

    Осы салмақта және басқа да салмақтағы боксшылардың 1/8 финалдағы жекпе-жектері мынадай есеппен аяқталды.

    Асылжан Ғалымжанұлы (Атырау облысы) — Әли Рахымжан (Ақмола облысы) — 0:5

    Серік Теміржанов (Павлодар облысы) — Алмас Дүйсенқұл (Жамбыл облысы) — 5:0

    57 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов жаңа салмақтағы бірінші кездесуінде айтарлықтай қарсылыққа тап болмады.

    Ерасыл Таңқай (Алматы облысы) — Қанат Өзбекбаев (Ақтөбе облысы) — Ерасыл 2-раундта жеңді.

    Нұрлыбек Усманов (Ұлытау облысы) — Данияр Қауышқан (Қызылорда облысы) — 2:3

    Бекнұр Ожанов (Абай облысы) — Сұлтан Шарипов (БҚО) — 5:0

    Нұржан Мақашбаев (Жетісу облысы) — Мұхаммедсабыр Базарбай уулы (Түркістан облысы) — 0:5

    Осы салмақта жарқын бокс үлгісін көрсететін Мұхаммедсабырдың бүгінгі айқасы да көрермендердің көңілінен шықты. Ол жекпе-жекте 3 мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.

    67 кг

    Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) — Дастан Бекен (Алматы қ.) — 5:0

    Жандыр Сұлтанғалиев (БҚО) — Сұлтан Сәдуақасов (Қызылорда облысы) — 5:0

    Бекболат Құрамысов (Атырау облысы) — Айдар Сайлаубеков (Абай облысы) — 5:0

    Елнұр Сүйінбай (Қостанай облысы) — Әлішер Әбдуәлім (Ұлытау облысы) — 5:0

    Нұрқадам Әбдеш (Астана қ.) — Нұрлыбек Үзенбаев (Шымкент қ.) — 5:0

    Бахтияр Смағұлов (Павлодар облысы) — Қанат Қамзанов (ШҚО) — 5:0

    Рахат Сейітжан (Маңғыстау облысы) — Мирас Ертанов (Алматы облысы) — 4:1

    Айбек Төлегенов (Ақмола облысы) — Темірхан Тезек (Түркістан облысы) — 1:4

    51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ширек финалда 20 жастағы Павлодар боксшысы Ғаббас Дюсекеновпен жұдырықтасады.

    51 кг салмақта әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай былтырғы Қазақстан чемпионатының финалисі (54 келі) Бекзат Алдамжаровпен жолығады.

    57 кг салмақта әлем чемпионы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін былтырғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (60 келі) Дулат Тұрлыбекұлымен өткізеді.

    Екінші жарыс күнінде күтпеген нәтиже ретінде 60 келі салмақта Қазақстан чемпионы Әділет Құрметов Шоқыр Бөлтекұлы турнирінің жеңімпазы, 19 жастағы Алмат Әбдуалиге есе жіберді.

    Ал 71 келі салмақта 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Қуан Қуатов 2 жыл қатарынан ел чемпионатының қола жүлдегері болған Фарух Тоқтасыновқа жол берді.

    Жалпы фавориттердің қатарынан саналған Ерболат Сабыр (57 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсенбай, Талғат Шайкен ширек финалға шықты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *