• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нүрғали Жұмағазы

    Бокстан жаңа ұлттық құрама команда жасақталады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Спарктаиада бір апта бойы Beeline Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Оның қорытындыысы бойынша 13 салмақта, атап айтқанда 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг дәрежесінде чемпиондар анықталды.

    Төрт боксшы екінші рет қатарынан Спартакиада чемпионы атанды: Олар — Сәкен Бибосынов (51 кг), Талғат Шайкен (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг).

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаз боксшылар мен жүлдегерлерді марапаттады.

    Астанада бокстан Спартакиада көпшілік күткендей өте тартысты болды. Астана шаршы алаңында еліміздің ең үздік боксшылары мен әр жылдардағы 6 әлем чемпионы қолғап түйістіріп, жекпе-жекке шықты.

    Спартакиадада төрешілер әділ жұмыс істеді. Ал ел жарысы өте тамашы болды.Апта бойы боксшыларға қолдау білдіріп, жарысты тамашалаған қала  тұрғындары мен қонақтарына ерекше алғысымды білдіргім келеді, — деді ол.

    Ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Спартакиада қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталып, ұлттық құрама жаңадан жасақталады. Спартакиадада топ жарған былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық жарыстар мен Олимпиялық ойындарға лицензия беретін турнирлерге қатысады.

    Төрт жылда бір өтетін Спартакиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздегі барлық мықты спортшылар қатысып, бокстасты. Бұл жарыстан екі жігітті ғана босаттық. Қалған боксшылар аянып қалған жоқ. Жас боксшылардымыздың өсіп келе жатқанын көрдік. Рингте ешкім ешкімнің атағынан қаймыққан жоқ. Жекпе-жектер өте  тартысты болды. Жартылай финалда, финал күні көп айқастар тең дәрежеде, өте тең бәспкелестік деңгейде болды. Кейбір жігіттеріміз өз салмақтарында мықтылығын көрсетті, дәлелдеді.

    Спартакиаданың қорытындысы бойынша бәсекелестіктің күшті екенін, болашағынан зор үміт күттіретін бірталай жас спортшылардың өсіп келе жатқанын көрдік. Соларды тәрбиелеп, келешекте мықты боксшылардың орнын бастатындай дайындаймыз, — деді бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

    Ол қазір бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар екенін, оны аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасындағы Карина Ибрагимованың жеңіп алғанын айтты. Карина Ибрагимова Қытайда өткен Азия ойындарында лицензияға ие болды.

    Ал Астанада 13-19 қараша аралығында өткен VI жазғы Спартакиаданың қорытындысы мынадай:

    48 кг
    Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Ақмохат Жүсіпов (Астана қаласы) 5:0
    51 кг
    Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) — Санжар Тәшкенбай (Астана қ.) 5:0
    Нұрсұлтан Алтынбек (Кызылорда облысы) -Кенже Мұратұлы (Алматы облысы) 5:2

    57 кг
    Махмұд Сабырхан (Шымкент қаласы ) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) 5:0

    60 кг
    Жексен Бейбарыс (Жамбыл облысы) — Руслан Күзеубаев (Абай облысы) 5:0
    63,5 кг
    Серік Теміржанов (Павлодар облысы) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) 1:4

    67 кг
    Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) — Бахтияр Смағұлов (Павлодар облысы) 5:0

    71 кг
    Сабыржан Аққалықов (БҚО) — Талғат Шайкен (Ақмола облысы) 0:5

    75 кг
    Нұрқанат Райыс (Атырау облысы) — Диас Молжігітов (Жамбыл облысы) 0:5
    80 кг
    Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы) — Нұрбек Оралбай (Астана қ.) 2:5

    86 кг
    Темірлан Мұқатаев (Астана қааласы) — Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы) 5:0

    92 кг

    Айбек Оралбай (Астана қаласы) — Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) 4:1

    +92 кг
    Дамир Тойбай (Алматы қаласы) — Аманат Сабырғали (Атырау облысы) 5:0

     

    Турнирдің ең үздік боксшысы — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)

    Турнирдің жаңа есімі — Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы)

    Турнирдің ең үздік төрешісі — Тілек Манап (Алматы облысы).
     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *