Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың төртінші жарыс күнінде 48, 54, 60, 67, 75, 86,+92 келі салмақта жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
48 кг салмақта 35 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте Түркістан облысының жас спортшысы Равшан Туракуловты жеңді.
Сол секілді өз салмақтарында басты фаворит саналатын Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) Талғат Сырымбетов (60 кг), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) та қарсыластарынан басым түсті.
75 кг салмақта Армат Арманұлы мен Бақберген Алиасқаров қолда тұрған жеңістерін уыстарынан шығарып алды.
Аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усикпен бірге дайындалатын Нұрсұлтан Аманжолов қайта әуесқой боксқа оралды. Бұл жекпе-жекте Олжас Букаев қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Ертең Олимпиада бағдарламасына кіретін 51, 57, 63,5, 71, 80, 92 кг салмақта бірнеше әлем чемпиондары шаршы алаңға шығады.
View this post on Instagram